
Қайырымдылық іс-шарасы аясында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің барлық аумақтық және құрылымдық бөлімшелері "Мектепке жол"республикалық акциясына қатысады.
Акцияның мақсаты: аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезінде көмек көрсету.
Құтқарушылар оларға қажетті мектеп керек-жарақтары мен тауарларын сатып алуға көмек көрсетеді.
Бұл акцияға Департамент қызметкерлері көп жылдан бері қатысып келеді, өйткені бұл құтқарушылар үшін қиын сәтте көмектесу дәстүрі.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі