Балалар алаңында өрт қауіпсіздігін насихаттау.

Балалар алаңында өрт қауіпсіздігін насихаттау.

Өскелең ұрпақтың өрт қауіпсіздігін насихаттау мақсатында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өрт сөндіру машинасының макетін жасап, Алматы облысы Ақсу ауданы Қапал ауылында балалар алаңына орнатты.

Өскелең ұрпақты тәрбиелеу, олардың қауіпсіздік саласындағы білім деңгейін арттыру – Департамент қызметкерлері жұмысының негізгі мақсаты.

Балаларға өрттердің және басқа да шұғыл жағдайлардың алдын алу, оларды қауіпсіздік ережелеріне оқыту тұрғысынан назар аудару – бұл құтқарушылар жұмысының бір бөлігі.

 Алматы облысы ТЖД қызметкерлері тұрақты негізде қауіпсіздік бойынша конкурстар, викториналар, акциялар өткізеді, өйткені кішкентай жастан бастап балалар әртүрлі қауіптердің бар екенін түсініп, олардан аулақ болу керек.

 Өрт сөндіру машинасының макетімен ойнай отырып, болашақта осы балалардың бірі өрт сөндіруші және құтқарушы бола алады. Адамдарды құтқару ісі, бүкіл өмірдің ісіне айналады.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі