
Тұрғын үйлердегі өрттердің алдын алу және болдырмау мақсатында Алматы облысы ТЖД қызметкерлері ағымдағы жылдың 15 тамызы мен 15 қазаны аралығында Алматы облысының аумағында жылыту маусымына дайындық бойынша «өрт қауіпсіздігі айлығын» өткізуде.
Айлық аясында, алдағы жылыту кезеңінде халықтың хабардарлығын арттыру үшін Алматы облысы ТЖД қызметкерлері полиция қызметкерлерін, газ қызметтерінің жұмысшыларын, еріктілерді және жергілікті атқарушы органдарды тарта отырып, демалыс күні Алматы облысы аумағында «Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі сенбілігін» өткізді. Сенбілікті өткізу барысында 600-ден астам адам жұмылдырылған 8000 данадан астам жадынамалар таратыла отырып, халықпен нұсқаулықтар және әңгімелесулер өткізілді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен 2020-2021 жылдардың жылыту кезеңінде Алматы облысының аумағында 445 тұрмыстық өрт орын алды, оның ішінде ең көп өрттер, жылыту пештерін орнату және пайдалану кезінде, электр жабдықтарын монтаждау мен техникалық пайдалану кезінде және тұрмыстық электр құралдарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себебінен болды.
Құрметті азаматтар! Естеріңізде болсын, бірлесіп біз Сіздердің үйлеріңізде өрттің пайда болуын болдырмауға, сондай-ақ улы газдан улану қаупін барынша азайтамыз. Сіздерден барлық өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауыңызды сұраймыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі