2021 жылғы 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасында XVI Әлем Чемпионаты және әйелдер арасында VII әлем чемпионаты өтеді.

2021 жылғы 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасында XVI Әлем Чемпионаты және әйелдер арасында VII әлем чемпионаты өтеді.

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясының XX Халықаралық конференциясының шешіміне сәйкес 2021 жылғы 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралықтарында Қарағанды қаласында ерлер арасындағы XVI Әлем Чемпионаты және әйелдер арасындағы өрт-құтқару спорты бойынша VII әлем чемпионаты өтеді.

Әлем чемпионатына қатысу үшін Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Өзбекстан, Словакия, Чехия, Польша, Болгария, Австрия, Сенегал, Катар, Монғолия сияқты 12 елдің спортшылары мен делегаттары өтінім берді.

        Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың ерлер мен әйелдер командалары оқу мұнарасының төртінші қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілуден, 100 метрлік кедергілер жолағынан өтуден, жауынгерлік қанат жаюдан және 4-тен 100 метрге дейінгі өрт эстафетасынан жарысады.

          Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаттарын өткізу әлемнің түрлі елдерінің спорт ұйымдары арасында спорт саласындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты нығайтуға, өрт сөндіру-құтқару қызметі қызметкерлері мен жұмыскерлерінің кәсіби және жауынгерлік даярлығын, спорттық шеберлігін жетілдіруге, әлемдік ауқымда өрт сөндіру-құтқару спортын одан әрі дамытуға және насихаттауға бағытталған. Өрт-қолданбалы спорты 1937 жылы КСРО-да пайда болды және кейінірек Еуропада таралды. Қазақстан екінші рет өрт-құтқару спорты бойынша чемпионаттың өткізілу орны болып сайланады. 2014 жылы әлем біріншілігіне қатысушыларын Алматы қаласы қабылдады.

          Барлық қатысушылар үшін ПТР тестінің теріс нәтижесі қажет. Барлық байланыстар барынша азайтылады. Ашық ауада тек жарыстар ғана емес, сонымен қатар басқа да іс-шаралар өтеді.

          12 тамызда Қазақстан Республикасы ТЖ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Қарағанды қаласындағы жұмыс сапары барысында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Әлем чемпионатын өткізуге дайындық барысымен танысты, онда "Шахтер" орталық стадионының және басқа да инфрақұрылымдық объектілердің алдағы әлемдік біріншілікті өткізуге дайындығы тексерілді. Чемпионатты дайындауға қатысатын ұйымдардың басшыларымен іс-шараны көліктік, медициналық және ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

 

                                                                Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі