Шөп шабу өртке қауіпті жұмыс түрі

Шөп шабу өртке қауіпті жұмыс түрі

Біріншіден, шөп-бұл от үшінең оңай олжа. Осы өртқауіпті кезеңде кішкене ұшқын қысқа мерзімде ірі жжем-шөпті жоятын өртке әкелуі мүмкін, ал одан әрі бақылаусыз таралған кезде орман алқаптарын жояды, елдімекендерге жақын келіп, тұрғын үй мен шаруашылық құрылыстарына қауіп төндіреді. Естеріңізге сала кетейік, өрт көбінесе тракторлардың, комбайндардың және автомобильдердің қозғалтқыштарының пайдаланылған газ шығатын құбырларынан ұшатын ұшқыннан пайдаболады. Бірақ шөп шабу кезінде көптеген адамдар өрт қауіпсіздігі ережелерін есте сақтаймайды. Ережелер сақталмаған кезде бүкіл көпкүндік еңбек текке кетуі мүмкін.Шөптер көбінесе тұрғын үйлердің, моншалардың және басқа да ғимараттардың жанында сақталады. Көбінесе өрттің себебі балалардың отпен ойнауынан орын алып жатады, осыған  ата-аналар жауапты екендігін айта кеткен жөн. Шөпті жанбайтын материалдан жасалған өртке қарсы қалқалармен қоршалған жапсарлас құрылыстарда сақтауға рұқсат етіледі. Тұрғын үйлердің, гараждардың, аулалық құрылыстардың, үй-жайдың аумағында жиналған шөптің өрт қауіпсіздігі үшін олардың иелері жауапты болады.Шөпті жинау кезінде өрттің алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет. Шөп жинау басталғанға дейін  шөп жинайтын аймақтын қауіпсіздігіне көз жеткізіп абзал., шөп дайындау кезінде іске қосылған ауыл шаруашылығы техникасы жарамды ұшқын сөндіргіштер мен жабдықталуы, қоректендірудің, от алдырудың, майлаудың реттелген жүйелері болуы тиіс. Белгіленген тәртіппен тіркеуден өтпеген қолдан жасалған техниканы пайдалануға тыйым салынады, далалық жағдайларда дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.Осыған орай шабындықтарда техникаларда шөп жиналатын аумақтарда өртті болдырмау мақсатындаАлакөлауданы ТЖБ қызметкерлері аудан аумағындағы шөп шауып жатқан шаруаларға ақпараттық парақтартар тылып ескерту және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі