
Құрметті облыс тұрғындары 2021-2022 жылдардағы от жағу маусымы кезеңіндегі тұрғын үйге пеш жаққан кездегі өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз және төмендегі көрсетілген қауіпсіздік ережелерін ұстануларыңызды сұраймыз.
- Әрбір пеш есігінің алдында көлемі 50x70 см-ден кем емес қаңылтыр төселуі керек.
- Шатырлардағы барлық түтін мұржалары мен қабырғаларын, түтін арналары өтетін жерлерді сылақтау және әктеу қажет.
- Түтін жолдарын және жылыту пештерінің басқа да элементтерін пеш жағу маусымы басталар алдында, сондай-ақ жылыту маусымы кезінде айына бір реттен кем емес күйеден тазарту қажет.
- Отынды арнайы бейімделген үй-жайда немесе жанатын құрылыстардан 8 метр жақын емес орналасқан арнайы бөлінген алаңдарда сақтау қажет.
- Үй жанында және саяжай учаскелеріндегі қоқыстарды бақылаусыз жағу тыйым салынады.
- Тұрғын үйлердің учаскелеріндегі шөп маялары ғимараттар мен аула құрылыстарына дейін 15 м. кем болмауы тиіс.
- Қоралар мен басқа да шаруалардың шатырларында, көшелерден, жолдардан 3 метрден кем қашықтықта, үй іргесінен тыс жерлерде орналастыруға жем-шөп пен шөпті маяларын жинауға жол бірілмейді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз-қызметі