
2021 жылғы 16 тамыз күні Алматы облысы Сарқан ауданына қарасты Балқаш көлінің жағалауында, "Қарашыған" учаскесінде Алматы облысы ТЖД Сарқан өңірінің Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары күшімен 1985 жылы туған ер адамды іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді.
Сағат 19:50-де Алматы облысы ТЖД кезекші байланыс пультіне ер адамның туыстарынан шамамен сағат 19-00-де ер адамның жағадан автомобиль дөңгелегінен үрлемеленген камерада жүзіп кеткені және әлі күнге дейін оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті.
Құтқарушылар тез арада оны моторлы қайықпен іздеуге аттанды. "Қарашыған" учаскесі Сарқан аймағының құтқару станциясынан 38 шақырым қашықтықта орналасқан.
Түнгі уақытта сағат 22:10-да ер адам Балқаш көлінің жағасынан табылды. Абырой болғанда, ілеспе жел оны жағаға шығарды және азамат қайғылы жағдайға ұшыраған жоқ. Медициналық көмекке қажет емес еді.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды:
- Түнгі уақытта шомылмаңыз.
- Жүзу үшін тақталарды, бөренелерді, үй құрылғыларын пайдаланбаңыз.
- Жағадан алыс жерде үрлемелі матрастарда немесе камераларда жүзбеңіз.
- Бейтаныс жерлерде шомылмаңыз және суға түспеңіз. Суда жүзушілерді ұстап алумен байланысты тентектікке жол бермеңіз.
- Қатты ағысы бар тік жағалауларда, батпақты және өсімдіктермен толып жатқан жерлерде шомылмаңыз.
- Күшті ағыспен күреспеңіз. Оны жағаға жақындау үшін қолданыңыз. Ешқашан бұрылыстарда жүзуге болмайтынын естен шығармаңыз.
- Денеңіз салқындап немесе қызып кетпеңіз. Егер судың температурасы + 18С төмен болса, шомылмаңыз.
- Балаларға суға құлап кетуге болатын жерлерде ойнауға рұқсат бермеңіз.
- Шомылу кезінде кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
- Тек рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз. Суға мас күйінде кірмеңіз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі