
Алматы облысы "Қазгидромет" РМК филиалының
ауа райы болжамы бойынша
2021 жылғы 11 тамызға арналған ауа райы болжамы
Облыс бойынша: таулы аудандарда өткінші жаңбыр, найзағай. Батыстан жел соғады, күші 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде 16-21, кей жерлерінде 12, күндіз 28-33, таулы және тау бөктері аудандарда 25 градус жылы.
Талдықорған қ.: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан жел соғады, күші 5-10 м/с. Ауаның температурасы түнде 10-12, күндіз 31-33 градус жылы.
12-13 тамызға арналған ауа райы болжамы
12 тамызда кей жерлерінде жаңбыр, 13 тамызда түнде кей жерлерінде жаңбыр, күндіз жаңбыр, кей жерлерінде қатты. Кей жерлерінде найзағай, бұршақ, 13 тамызда дауыл. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14, кей жерлерінде 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде 15-20, кей жерлерінде 12, күндіз 28-33, таулы және тау бөктері аудандарда 25 градус жылы, 13 тамызда 23-28, таулы және тау бөктері аудандарда 20 градус жылы.
РГП «Казгидромет» филиалының сайтына сілтеме: https://www.kazhydromet.kz/ru.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі