
Жылыту пештерінен шыққан түтінге улану жағдайларының 70 пайызы мұржаның талапқа сай болмауынан немесе дұрыс істемеуінен болады.Осындай қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін тұрғындардың алдымен қырағы болып,төмендегі ережелерді мұхият есте сақтағандары жөн.
Үйге (пәтерге,саяжайға) өздігінен газ тартуға, газ жабдығын орнатуға,газ құралдарымен тығын арматурасын ауыстыруға және жөндеуге тиым салынады. Мұндай жұмыстарды білікті мамандар ғана нормалар мен ережелерге сәйкес жүргізе алады.
Газ жабдықтарына техникалық көрсететін мамандар кірпіштен салынған мұржаларды тоқсанына, ал әк пен цементтен жасаған және метал мұржаларды жылына бір рет жылыту кезеңінің алдында тазалайды.
Жылыту құралдарын қосардың алдында міндетті түрде мұржаның түтін тартуын тексерту керек.
Іске қосылған мұржаны кірпішпен, сондайақ жапқышпен жабуға болмайды.
Мұржаның бас жағына құстың ұя салмауына, сондай-ақ жауын-шашын тамбауына орайластырып жасалуы тиіс.
Газдандырылған пештер мен мұржалардың қалауы, сылағында жарықтар пайда болған кезде пайдалануға болмайды.
Газ пештері пайдаланатын бөлмелерде желдеткіш арналары жабық болса, газ пештерін қолдануға болмайды.
Қатты отын мен сұйық отынды (газ) қолдану кезінде қаупсіздік ережелерін бұзсаңыз, Сіз өзіңіз ғана емес, өзгелерге де қауіп төндіресіз.
Газ жабдықтарын жылыту пештері орналасқан бөлмелердің терезелерін (желдеткіштерін) түнгі уақытта жабық қалдырмаңыз, пеш газ құралдары орналасқан жерді демалатын және ұйықтайтын бөлме ретінде пайдаланбаңыз.
ӨЗІҢІЗДІҢ ЖӘНЕ ЖАҚЫН АДАМДАРЫҢЫЗДЫҢ ӨМІРІН САҚТАҢЫЗ!
Алматы облысы ТЖД баспасөз-қызметі