Алматы облысы ТЖД қызметкерлері табиғаттағы Қауіпсіз демалыс үшін!

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері табиғаттағы Қауіпсіз демалыс үшін!

Ағымдағы жылдың 6 тамызында Алматы облысы ТЖД қызметкерлері "Қызыл Жарты Ай" және "Жас отан" жастар қанаты еріктілерін тарта отырып, Қапшағай су қоймасы азаматтарының демалыс орындарында профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырды.

Профилактиканы жүргізу барысында демалушылармен өрт қауіпті кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі және су айдындарындағы демалушылардың қауіпсіздігі тақырыптары бойынша жадынамалар мен брошюралар таратып, нұсқаулықтар мен әңгімелер жүргізді. Сонымен қатар, демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері және шомылуға арналмаған орындарда шомылуға болмайтынын, сондай-ақ от жағу және мангалдар жағу кезінде абай болу туралы ережелер жеткізілді. Халықты ақпараттандыру жөніндегі жұмыстар тұрақты негізде шомылу және өрт қауіпті кезеңі аяқталғанға дейін жағасатын болады.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі