
Алматы облысы "Қазгидромет" РМК филиалының
ауа райы болжамы бойынша
2021 жылғы 10 тамызға арналған ауа райы болжамы
Облыс бойынша: таулы және тау бөктері аудандарда өткінші жаңбыр, найзағай. Батыстан жел соғады, күші 9-14, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде 17-22, кей жерлерінде 13, күндіз 28-33, таулы және тау бөктері аудандарда 25 градус жылы.
Талдықорған қ.: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде 11-13, күндіз 31-33 градус жылы.
11-12 тамызға арналған ауа райы болжамы
Таулы және тау бөктері аудандарда өткінші жаңбыр, найзағай. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде 15-20, кей жерлерінде 12, күндіз 27-32, таулы және тау бөктері аудандарда 24 градус жылы.
РГП «Казгидромет» филиалының сайтына сілтеме: https://www.kazhydromet.kz/ru.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі