2021 жылғы 6 тамызда "Jetisymedia" ақпараттық алаңында "судағы қауіпсіздік" және "өрт қауіпті кезең" тақырыбында брифинг өтті.
Брифингте Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Азаматов Даурен Саматұлы және азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, подполковник Белдібаев Қуат Майтайұлы сөз сөйледі.
Бірінші спикер – Даурен Саматұлы атап өткендей, Облыс аумағында 5 млн.300 мың гектары мемлекеттік орман қорының жерін алып жатыр (Анықтама: 4 млн. 100 мың гектар 14 орман шаруашылығының қарауына жатады, 11 мемлекеттік ұлттық табиғи парктер мен қорықтарға 1 млн. 200 мың гектар жатқызылған), оның ішінде 2 млн. 900 мың гектары орман алқаптарын құрайды. Жыл басынан бері облыс аумағында орман шаруашылығы мекемелері мен табиғи парктер аумағында 16 мың гектардан астам алаңда 29 құрғақ шөп өртенді (2020 ж. - 18 өрт, ауданы 7 мың 800 Га. құраған), бұл ретте орман алқабының 37 Га. аумағы (2020 ж. - 1252 Га) өрттен зардап шекті. Ағымдағы жылы дала өрттері тіркелген жоқ (2020 жылы - 0), 540 Га алқабында, елді мекендерден тыс жерде 242 құрғақ шөп өртенді. Табиғи өрттердің туындау тәуекелін болдырмау және азайту мақсатында жергілікті атқарушы органдармен, табиғат қорғау және орман мекемелерімен бірлесіп алдын алу және ұйымдастыру шараларының кешені жүргізіледі. Сонымен, орман-дала алқаптарында және демалыс орындарында орман шаруашылығы мекемелері мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп 1019 рейд жүргізілді, полиция қызметкерлері 136 бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ағымдағы жылы минералданған жолақтарды құру және күту ұлғайтылды, жоспарланған 5300 км. (2020 жылы 3700 км) минералданған жолақтардың ішінен, бүгінгі күні 3120 км мин.жолақ салынды (69%). Бұрын орналастырылған мин. жолақтарға күтім жасау 2500 км-ден асады.
Дала және орман өрттерін, сондай-ақ құрғақ шөптің жануын ерте анықтау мақсатында "ҚазақстанҒарышСапары" ҰК АҚ-мен және "Қазгидромет" РМК-мен облыс аумағын және шекара маңындағы аумақтарды гидрометеорологиялық болжамдарды ұсыну және қашықтықтан зондтау (термалды нүктелер) бойынша 2021 жылға шарттар жасалды. Өрт қауіптілігінің жоғары сыныбы кезеңінде тұрақты негізде күніне екі рет "Қазавиаорманқорғау" АҚ борттарымен бекітілген бағыттар бойынша облыс аумағын айналып ұшу жүзеге асырылды. Орман шаруашылығы мекемелерімен 140 аншлаг және билбордтар орнатылды, су алуға арналған 256 алаң орнатылды, 54 өрт сөндіру мұнаралары жабдықталды, жауынгерлік есепте 41 өрт сөндіру техникасы және 42 бейімделген техника құрылған, сондай-ақ 1462 аспалы өрт сөндіргіштер, 145 мотопомпа және 16 мыңнан астам өртке қарсы құралдар қолданыста бар.
БАҚ арқылы 525 сөз сөйлеу (ТВ - 32, радио - 263, баспа - 230) ұйымдастырылып, 5485 адамды қамтумен 768 нұсқама, 4140 адамды қамтумен 534 жиын өткізілді.
Екінші спикер – Қуат Майтайұлы былай деді, Суда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті облыстық полиция департаментімен, жергілікті атқарушы органдармен және волонтерлік ұйымдармен бірлесіп ұйымдастыру және практикалық іс-шаралар кешенін өткізілуде. 2021 жылғы шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың облыс су айдындарында қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары бекітілді. Облыс әкімі шомылуға рұқсат етілген орындарды 10-нан (Текелі қаласының 10 жағажайы мен 1 қалалық бассейні орналасқан) 84-ке дейін ұлғайту, табиғи және жасанды су айдындарында көпшілік демалатын орындарды нақты бастықтарымен бекіткен болатын. Полиция қызметкерлерімен және волонтерлермен бірлесіп 5164 рейд және патрульдеу жүргізілді, халық арасында 72373 мың дана үгіт өнімі таратылды. Облыстың су қоймалары бойынша ЖПҚ-мен бірлескен рейдтер нәтижесінде ӘҚБтК-нің 440 "қоғамдық орындарда болу қағидаларын бұзу" және 364 "ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу" баптары бойынша 214 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 350 мың 040 теңге айыппұл салынды. Демалыс және мереке күндері рейдтік іс-шаралар күшейтілген режимде өткізіледі. 5514 әскери бөлім қызметкерлері мен Талдықорған қаласы Департаментінің қалалық бөлімшелерін патрульдеудің бірлескен жоспар-кестесі бекітілді. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, 2021 жылдың басынан бері облыстың су айдындарында шомылуға белгіленбеген (тыйым салынған) жерлерде 53 адам, оның ішінде 16 бала қаза тапты. 50 адам құтқарылды, оның ішінде 9 бала (Қапшағай су қоймасында – 25 адам, Алакөл көлінде – 20 адам, Балқаш көлінде – 3 адам, Талдықорған қалалық жағажайында – 1 адам, Талғар ауданында-1 адам). Анықтама үшін: 2020 жылдың ұқсас кезеңінде Алматы облысының су айдындарында суда 30 оқиға тіркелді, оның ішінде суға батқан адам ретінде 28 адам тіркелді, оның ішінде 12 бала. Шомылу маусымы кезеңінде 20 адам суға кетті, оның ішінде 11 бала. 41 адам құтқарылды, оның ішінде 10 бала. Шомылу маусымы кезеңінде 36 адам құтқарылды, оның ішінде 10 бала.
Сонымен қатар, Алматы облысы 2 млн. адамнан астам халқы бар және көптеген су адындары бар өңір болып табылады (257 ірі су қоймасы орналасқан, оның ішінде 6 көл, 58 өзен, 76 су қоймасы және 117 тоған). Сондай – ақ, Қапшағай су қоймасынан 70 км қашықтықта Республиканың ең ірі мегополисі-Алматы қаласы орналасқан. Осыған байланысты, жазғы уақытта су акваторияларының жағалауларында демалушылардың, жергілікті тұрғындардың да, еліміздің басқа өңірлерінен және жақын шетелден келген туристердің де үлкен саны байқалады. Шомылу маусымында облыстың акваторияларындағы демалыс аймақтарына келушілер саны үш миллионнан астам адамға жетеді. Сонымен қатар, карантиндік шектеулердің жеңілдеуіне, сондай-ақ облыстың ірі су қоймаларының жағасындағы өте ыстық ауа-райына байланысты (Қапшағай су қоймасында, Алакөл және Балқаш көлдерінде), 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда демалушылар саны бірнеше есе өсті. Апта сайын демалыс және мереке күндері ТЖД аппаратының қызметкерлері Іле өзені мен Қапшағай су қоймасының жағалауларында рейдтік алдын алу акцияларын ұйымдастыру және өткізу үшін шығады. Сондай-ақ, Алакөл көлі мен Балқаш көліне шығу жүзеге асырылады. Аталған іс-шараларға БАҚ (телеарналар), волонтерлер, облыстық, аудандық және қалалық деңгейдегі ЖАО өкілдері, сондай-ақ полиция қызметкерлері қатысады.
Брифингтің соңында спикерлар бұқарааралық өкіл құралдарының сұрақтарына жауап берді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі