Қапшағайда үш адам құтқарылды

Қапшағайда үш адам құтқарылды

2021 жылғы 1 тамыз күні сағат 17.26-да Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауын патрульдеу кезінде Алматы облысы ТЖД Қапшағай өңірінің Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары катамаран мен батып кете жаздаған 3 адамды құтқарды.
Анықталғандай, үш азамат 1987, 1989 ж.т. және 2003 ж. т. жасөспірім Қапшағай су қоймасы бойында су катамаранын теуіп жүрген, бір сәтте катамаран ішіне су толып, ол бата бастады, осы уақытта суда патрульдеп жүрген құтқарушылар, болып жатқан жағдайды байқап, оларға көмек көрсетті.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан суда жүзу кезінде аса мұқият болуды және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі