2021 жылғы 29 шілдеде Алматы облысы ТЖ Департаменті cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы интернет-конференция өткізді

2021 жылғы 29 шілдеде Алматы облысы ТЖ Департаменті cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы интернет-конференция өткізді

2021 жылғы 28 шілдеде Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті, Департамент сайты және ведомстволық әлеуметтік желілер арқылы Алматы облысының тұрғындарын және барлық мүдделі тұлғаларды диалогқа шақырды.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі 2021 жылғы 29 шілдеде сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін Алматы облысы ТЖД қызметінің ашықтығы және қолжетімділігі қағидаттарын қамтамасыз ету мақсатында облыс тұрғындары үшін интернет-конференция өткізетінін хабарлады.

Конференция тақырыбы мынадай бағыттарды қамтыды::

- Алматы облысы ТЖ департаментінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.

- кадр саясаты мәселелері бойынша.        

Барлық сұрақтар мен өтініштер Департаменттің қызметіне қатысты басқа да бағыттарға қатысты болуы мүмкін.

Конференция қашықтықтан "сұрақ-жауап"режимінде өтті. Алайда азаматтардан сұрақтар түскен жоқ.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі