
Жаздың басталуымен, жаздың ыстық күндерінде адамдар суу қоймаларына, туристік жорықтар мен табиғаттағы пикниктерге асығады. Салқын суда жүзу, ыстық құмда жату, су жағасында серуендеу немесе отбасымен және достармен табиғатта демалу үлкен рахат. Мұндай демалыс кезінде су тек дос қана емес, сонымен бірге оның үлкен қауіп төндіретінін әрдайым есте ұстау керек. Бірақ табиғатта демалу кезінде қауіптің басқа көзі бар - от сияқты. От-үнсіз жау деп бекер айтылмаған. Сондықтан отпен өте мұқият болу керек. Демалыс кезінде қайғылы жағдайларды болдырмау үшін Алматы облысы ТЖД қызметкерлері азаматтармен тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар өткізеді.
2021 жылы өрт қауіпті кезеңі мен шомылу маусымы басталғанынан бері профилактикалық іс-шараларын өткізу барысында 60000-нан астам демалушыны қамти отырып, өрт қауіпті кезеңдегі өрт қауіпсіздігі және шомылу маусымы кезеңіндегі судағы қауіпсіздік бойынша 25000-нан астам дана жадынамалар мен брошюралар таратыла отырып, нұсқаулықтар мен әңгімелер жүргізілді. Профилактыкалық іс-шараларын өткізу кезінде бұл үшін бөлінбеген орындарда азаматтардың суға шомылу жағдайлары анықталды, өйткені суға бату жағдайлары дәл осы жерлерде орын алады, шомылу маусымы басталғаннан бері облыстық полиция қызметкерлерімен қоғамдық орындарда (азаматтардың шомылу орындарында) алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін 440 бап бойынша 39 айыппұл салынды. Сондай-ақ, ортақ су пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 364-бап бойынша 91 әкімшілік ескерту жасалды.
Профилактикалық іс-шараларды ЖАО қызметкерлерін, еріктілерді және орман шаруашылығы қызметкерлерін тарта отырып, азаматтар көп жиналатын демалыс орындарында халықтың хабардар болу деңгейін арттыру есебінен жазатайым оқиғалардың алдын алу және азайту мақсатында ТЖД қызметкерлері тұрақты негізде жүргізіледі.
Алматы облысының ТЖД табиғатта демалу кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау Сізге және Сіздің жақындарыңызға қауіпсіз және жағымды демалысты қамтамасыз ететінін еске салады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі