Мореналық көлдерді аэровизуалды тексеру

Мореналық көлдерді аэровизуалды тексеру

2021 жылғы 27 шілдеде Алматы облысының ТЖД қызметкерлері "Қазселденқорғау" ММ "Жетісу Алатау аймақтық пайдалану басқармасы" филиалының қызметкерлерімен бірлесіп, сел ойықтарының жай-күйін, сондай – ақ Жетісу Алатауы жотасы мен Қора, Буйен, Ақсу, Сарқан өзендерінің бассейндерінің жай-күйін кешенді бағалау мақсатында ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" ЕС-142 тікұшағымен аэровизуалды тексеру жүргізілді.

Әуе көрінісімен жұмыс теңіз деңгейінен 1200-3800 метр биіктікте жүргізілді. Температуралық фонның көтерілуіне байланысты өзен арналарында су деңгейінің жоғарылауы байқалады. 3600 метр биіктіктегі ауа температурасы 5-7 градус жылылықты құрады.

Мореналық көлдер қысқы режимнен шықты. Қора, Буйен, Ақсу, Сарқан өзендері бассейндерінің жекелеген көлдерінде қарқынды толтыру байқалады. Көптеген мореналық көлдердің толымдылығы ең төменгі деңгейде, яғни қазіргі уақытта көлдердің жағдайы тұрақты. Орта тау аймағында сел және эрозиялық ойыстарда айтарлықтай және қарқынды жауын-шашын түскен жағдайда сел жүріуінің қалыптасуы мүмкін. Сел тасқындарының пайда болу белгілері қазіргі уақытта байқалмайды.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі