2021 жылдың 29 шілдесінде Алматы облысының тұрғындары Алматы облысы ТЖД қызметкерлеріне сұрақ қоя алады

2021 жылдың 29 шілдесінде Алматы облысының тұрғындары Алматы облысы ТЖД қызметкерлеріне сұрақ қоя алады

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Алматы облысының тұрғындарын және барлық мүдделі тұлғаларды диалогқа шақырады.

 Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі 2021 жылғы 29 шілдеде сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін Алматы облысы ТЖД қызметінің ашықтығы және қолжетімділігі қағидаттарын қамтамасыз ету мақсатында облыс тұрғындары үшін интернет-конференция өтетінін хабарлайды.

Конференция тақырыбы келесі бағыттарды қамтуы мүмкін:

- Алматы облысы ТЖ департаментінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.

- кадр саясаты мәселелері бойынша.

Барлық сұрақтар мен өтініштер Департаменттің қызметіне қатысты, өзге де бағыттарға қатысты болуы мүмкін. Өз сұрақтарыңыз бен өтініштеріңізді Алматы облысы ТЖД сайтында, осы сілтеме бойынша қалдыру қажет https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/virtual-reception/1?lang=ru. Конференция қашықтықтан "сұрақ-жауап" режимінде өтеді.

Сіздердің сұрақтарыңызға тез жауап алу үшін, сұрақтың мәнін нақты және қысқа баяндауды сұраймыз.

Барлық сұрақтар мен өтініштерге жауаптар бір күн ішінде Алматы облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің интернет-ресурсында орналастырылады.

 

                                                             Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі