
Алматы облысы "Қазгидромет" РМК филиалының ауа райы болжамы бойынша:
2021 жылғы 28 маусымға арналған ауа райы болжамы
Облыс бойынша: күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 19-24, кей жерлерінде 16, күндіз 30-35, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 27 градус жылы.
Талдықорған қ.: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 31-33 градус жылы.
29-30 шілдеге арналған ауа райы болжамы
29 шілдеде таулы және тау бөктеріндегі аудандарда, 30 шілдеде кей жерлерінде өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ. Шығыстан жел соғады, күші 9-14, кей жерлерінде 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде 20-25, кей жерлерінде 17, күндіз 30-35, таулы және тау етегіндегі аудандарда 27 градус жылы, 30 шілдеде түнде 18-23, кей жерлерінде 15, күндіз 28-33, кей жерлерінде 25 градус жылы.
"Қазгидромет" РМК сайтына сілтеме: https://www.kazhydromet.kz/ru.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі