
Алматы облысы ТЖД қызметкерлері Алматы облысының туризм басқармасымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің бастамасымен Алматы қаласында ұйымдастырылған "Almaty Travel Park" халықаралық көрмесінің жұмысына қатысты. Жобаны KITF «Туризм және саяхат» көрмесінің командасы әзірледі. Алматы облысы павильонының тұсаукесері аясында ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы подполковник К. М. Бельдыбаев Алматы облысының су айдындарында демалушылардың қауіпсіздік ережелері мен қауіпсіз жүріс-тұрыс шаралары туралы оқыту семинарын өткізді.
Алматы облысы ТЖД баспасоз қызметі