Қапшағайда ерлі-зайыптылар құтқарылды

Қапшағайда ерлі-зайыптылар құтқарылды

2021 жылғы 24 шілдеде сағат 21.25-те Алматы облысы ТЖД Қапшағай қаласынан, сағат 20.00-ге жуық уақытта Қапшағай су қоймасының жағалауынан ерлі-зайыптылар жеке су скутерінде су серуенге шығып, қайтып оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті. Хабар Жағалаудағы достарынан келіп түсті.

Сағат 22.50-де сынған скутерде демалып жатқан адамдар су қоймасының жағасынан шамамен 5 км қашықтықта табылды және Алматы облысы ТЖД Қапшағай өңірінің Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен жағалауға аман-есен жеткізілді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі