15 адам қиын жағдайға тап болды

15 адам қиын жағдайға тап болды

2021 жылғы 24 шілдеде сағат 22.30-да Алматы облысы ТЖД Корин шатқалында 15 адамнан тұратын туристік топ Текелі қаласындағы "Бұрхан-бұлақ" сарқырамасынан қайтып келе жатқанда, Қора өзені арқылы "Зил-131" автокөлігімен өту кезінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты олар өзен ортасында тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін шақыру орнына Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Ескелді ауданының ТЖБ қызметкерлері жіберілді.

Шақыру орнына сағат 01.40-та келгеннен кейін туристік топтың қауіпсіз жерде, өзеннің қарама-қарсы жағасында орналасқандығы және туристердің шатырлары мен азық-түлік қорлары бар екендігі анықталды. Адамдарды өткізу бойынша жұмыстар жоспарланған және таң атысымен жүргізілді.

Биік таулардағы мұздықтардың еруі түнгі уақытта тоқтатылатындықтан, Қора өзеніндегі су деңгейі таңға жуық төмендеп, сағат 05.20-да "Зил-131" автокөлігінің жүргізушісі өзенді өз бетімен өтіп шықты. Құтқарушылардың сүйемелдеуімен барлық туристер қауіпсіз жерге көшірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті күн сайын Алматы облысының аумағында кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, жел, бұршақ жауып, Алматы облысының таулы аудандарында жоғары температуралық фонға байланысты өзендерде көлбеу ағындардың қалыптасуы мен су деңгейінің көтерілуі туралы дауылды ескертулерін таратуда.

Осыған ұқсас дауылды ескерту 25-27 шілдеде де жарияланды, осыған байланысты Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға, сақтық шараларын сақтауға, қауіпсіздік техникасын сақтауға және өз өміріне қауіп төндірмеуге шақырады.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі