2021 жылғы 23 шілдедегі ауа райы болжамы

2021 жылғы 23 шілдедегі ауа райы болжамы

Алматы облысы "Қазгидромет" РМК филиалының ауа райы болжамы бойынша 2021 жылғы 23 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Облыс бойынша:  Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда өткінші жаңбыр, найзағай. Шығыстан  жел соғады, күші 9-14, найзағай кезінде 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 17-22, кей жерлерінде 14, күндіз 32-37, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 28 градус жылы.

Талдықорған қ.: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.  Шығыстан  жел соғады, күші 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 34-36 градус жылы.

 РГП «Казгидромет» филиалының сайтына сілтеме: https://www.kazhydromet.kz/ru.                                                       

 Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі