"Jetisymedia" ақпараттық алаңында "судағы қауіпсіздік" және "өрт қауіпті кезең"тақырыптарында брифинг өтті.

"Jetisymedia" ақпараттық алаңында "судағы қауіпсіздік" және "өрт қауіпті кезең"тақырыптарында брифинг өтті.

2021 жылғы 19 шілдеде "Jetisymedia" ақпараттық алаңында "судағы қауіпсіздік" және "өрт қауіпті кезең" тақырыбында брифинг өтті.

Брифингте Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары, подполковник Жуков Игорь Евгеньевич және Алматы облысы ТЖД Азаматтық қорғау басқармасының бастығы, подполковник Бельдыбаев Қуат Майтайұлы сөз сөйледі.

Бірінші спикер – Игорь Евгеньевич атап өткендей, Облыс аумағында 5 млн.300 мың гектары мемлекеттік орман қорының жерін алып жатыр (Анықтама: 4 млн. 100 мың гектар 14 орман шаруашылығының қарауына жатады, 11 мемлекеттік ұлттық табиғи парктер мен қорықтарға 1 млн. 200 мың гектар жатқызылған), оның ішінде 2 млн. 900 мың гектары орман алқаптарын құрайды. Жыл басынан бері облыс аумағында орман шаруашылығы мекемелері мен табиғи парктер аумағында 15 мың гектардан астам алаңда 27 құрғақ шөп өртенді (2020 ж. - 18 өрт, ауданы 7 мың 800 Га. құраған), бұл ретте орман алқабының 37 Га. аумағы (2020 ж. - 1252 Га) өрттен зардап шекті.

Ағымдағы жылы дала өрттері тіркелген жоқ (2020 жылы - 0),494 Га алқабында, елді мекендерден тыс жерде 165 құрғақ шөп өртенді.

Табиғи өрттердің туындау тәуекелін болдырмау және азайту мақсатында жергілікті атқарушы органдармен, табиғат қорғау және орман мекемелерімен бірлесіп алдын алу және ұйымдастыру шараларының кешені жүргізіледі. Сонымен, орман-дала алқаптарында және демалыс орындарында орман шаруашылығы мекемелері мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп 838 рейд жүргізілді, полиция қызметкерлері 120 бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ағымдағы жылы минералданған жолақтарды құру және күту ұлғайтылды, жоспарланған 5300 км. (2020 жылы 3700 км) минералданған жолақтардың ішінен, бүгінгі күні 3120 км мин.жолақ салынды (69%). Бұрын орналастырылған мин. жолақтарға күтім жасау 2500 км-ден асады.

Дала және орман өрттерін, сондай-ақ құрғақ шөптің жануын ерте анықтау мақсатында "ҚазақстанҒарышСапары" ҰК АҚ-мен және "Қазгидромет" РМК-мен облыс аумағын және шекара маңындағы аумақтарды гидрометеорологиялық болжамдарды ұсыну және қашықтықтан зондтау (термалды нүктелер) бойынша 2021 жылға шарттар жасалды. Өрт қауіптілігінің жоғары сыныбы кезеңінде тұрақты негізде күніне екі рет "Қазавиаорманқорғау" АҚ борттарымен бекітілген бағыттар бойынша облыс аумағын айналып ұшу жүзеге асырылды. Орман шаруашылығы мекемелерімен 140 аншлаг және билбордтар орнатылды, су алуға арналған 256 алаң орнатылды, 54 өрт сөндіру мұнаралары жабдықталды, жауынгерлік есепте 41 өрт сөндіру техникасы және 42 бейімделген техника құрылған, сондай-ақ 1462 аспалы өрт сөндіргіштер, 145 мотопомпа және 16 мыңнан астам өртке қарсы құралдар қолданыста бар.

БАҚ арқылы 398 сөз сөйлеу (ТВ - 32, радио - 214, баспа-162) ұйымдастырылып, 4180 адамды қамтумен 585 нұсқама, 3408 адамды қамтумен 434 жиын өткізілді.

Өрт қауіпті кезеңде өрттерді болдырмау мақсатында мынадай өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажет:

- ормандарда орналасқан елді мекендер үшін атқарушы органдар мен орман иеленушілер өртке қарсы қорғау жолақтарын орнатуды, жапырақты екпелерді отырғызуды, жазғы кезеңде құрғақ өсімдіктерді жинауды қамтамасыз етеді;

- ормандарда орналасқан санаторийлердің, демалыс үйлерінің және басқа да сауықтыру мекемелерінің (оның ішінде жазғы балалар саяжайларының, балаларды сауықтыру лагерьлерінің) аумағы орман өрттері кезінде ғимараттар мен құрылыстарға оттың таралу мүмкіндігін болдырмайтын ені кемінде 4 м минералдандырылған қорғаныш жолағының периметрі бойынша қамтамасыз етіледі;

- жазғы кезеңде құрғақ, ыстық және желді ауа райы тұрақты болған жағдайда ауылдық елді мекендер мен кәсіпорындарда, саяжай кенттерінде, бау-бақша учаскелерінде от жағуға жол берілмейді;

- тұрғын үйлердің учаскелерінде ірі жемшөптерді жинау ғимараттар мен аулалық құрылыстарға дейін кемінде 15 метр қашықтықта орындалады;

- от жағу, қалдықтар мен ыдыстарды жағу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 м қашықтықта жүзеге асырылады.

Екінші спикер – Қуат Майтайұлы былай деді, Суда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті облыстық полиция департаментімен, жергілікті атқарушы органдармен және волонтерлік ұйымдармен бірлесіп ұйымдастыру және практикалық іс-шаралар кешенін өткізілуде. 2021 жылғы шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың облыс су айдындарында қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары бекітілді. Облыс әкімі шомылуға рұқсат етілген орындарды 10-нан (Текелі қаласының 10 жағажайы мен 1 қалалық бассейні орналасқан) 84-ке дейін ұлғайту, табиғи және жасанды су айдындарында көпшілік демалатын орындарды нақты иелеріне бекіту туралы Қаулыға қол қойды.Қазіргі уақытта құжат тіркеу үшін Әділет министрлігінде.Сонымен қатар, облыстың ортақ су пайдалану Ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып, шомылуға белгіленбеген (тыйым салынған) орындарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жағажайларда кезекшілікті қамтамасыз ету мақсатында департаменттің құтқару бөлімшелерінің қосымша 5 мобильді постының, жергілікті атқарушы органдардан су айдындары мен стихиялық жағажайлардың шомылуына арналған қауіпті және жабдықталмаған учаскелердегі 5 мобильді постының және 30 объектілік постының кезекшілігі ұйымдастырылды, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету және суда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету үшін коммуналдық жағажайларда 3 қоғамдық қауіпсіздік постысы және 4 медициналық пункт ұймдастырылды. Сонымен қатар, Алматы облысы 2 млн. адамнан астам халқы бар және көптеген су адындары бар өңір болып табылады (257 ірі су қоймасы орналасқан, оның ішінде 6 көл, 58 өзен, 76 су қоймасы және 117 тоған). Сондай – ақ, Қапшағай су қоймасынан 70 км қашықтықта Республиканың ең ірі мегополисі-Алматы қаласы орналасқан.Осыған байланысты, жазғы уақытта су акваторияларының жағалауларында демалушылардың, жергілікті тұрғындардың да, еліміздің басқа өңірлерінен және жақын шетелден келген туристердің де үлкен саны байқалады. Шомылу маусымында облыстың акваторияларындағы демалыс аймақтарына келушілер саны үш миллионнан астам адамға жетеді. Сонымен қатар, карантиндік шектеулердің жеңілдеуіне, сондай-ақ облыстың ірі су қоймаларының жағасындағы өте ыстық ауа-райына байланысты (Қапшағай су қоймасында, Алакөл және Балқаш көлдерінде), 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда демалушылар саны бірнеше есе өсті. Апта сайын демалыс және мереке күндері ТЖД аппаратының қызметкерлері Іле өзені мен Қапшағай су қоймасының жағалауларында рейдтік алдын алу акцияларын ұйымдастыру және өткізу үшін шығады. Сондай-ақ, Алакөл көлі мен Балқаш көліне шығу жүзеге асырылады. Аталған іс-шараларға БАҚ (телеарналар), волонтерлер, облыстық, аудандық және қалалық деңгейдегі ЖАО өкілдері, сондай-ақ полиция қызметкерлері қатысады.

Брифингтің соңында спикерлар бұқарааралық өкіл құралдарының сұрақтарына жауап берді.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі