
Бүгін Іле Алатауы тауларында, теңіз деңгейінен 3700 метр биіктікте іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен 1993 ж.т. ер адам табылды, ол 17 шілде күні М.Мәметова көлінің жағасына түнеуге көтерілді, содан кейін М. Мәметованың шыңына көтеріліп, өздігінен түсе алмау салдарынан, досына қоңырау шалып, құтқарушыларды шақыруды өтінді.
Құтқарушыларға көмек көрсету қажеттілігі туралы хабарлама 18 шілде күні сағат 19.40-та Алматы облысының ТЖД-ға келіп түсті. Іздестіру-құтқару жұмыстарына РЖҚЖ, Алматы қ. құтқару қызметінің құтқарушылары мен "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмылдырылды.
Құтқарылған ер адам медициналық көмекке қажет емес.
Алматы облысы ТЖМ баспасөз қызметі