Алматы облысы ТЖД «2021 жылғы сел және көшкін қауіпті кезеңдерге дайындық туралы» ақпарат

Алматы облысы ТЖД «2021 жылғы сел және көшкін қауіпті кезеңдерге дайындық туралы» ақпарат

Алматы облысының аумағында көшкіндер 6 ауданмен 1 қаланың (Талғар, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Райымбек, Панфилов, Кеген аудандары мен Текелі қаласының) аумақтарында таулы және таубөктеріндегі аудандарда таралған. 24 елді мекен мен саяжай қоғамына, сондай – ақ демалыс аймақтарына жақын орналасқан 194 жолақты қауіпті учаскелер есепке алынды, елді мекендерге жақын орналасқан 243 селге қауіпті учаскелер есепке алынды. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап Алматы облысының Төтеншежағдайлар департаменті "Қазселденқорғау" ММ- менбірлесіп, селде және көшкін қаупі бар учаскелерде 306 жерүсті және Іле Алатауы  тау жоталарының қауіпті учаскелеріне 8 аэровизуалды тексеру жүргізді. Ұшу барысында теңіз деңгейінен 2500 метрден астам биіктікте орналасқан тау өзендерінің, мореналық көлдердің жай-күйі зерттелді, өзендер бассейндері, мореналық көлдер және қауіпті учаскелер арналарының жай-күйі анықталды. Шілде айында 9 мореналық көлдер суының шекті көлемі анықталды, "Қазселденқорғау" ММ Іле және Алатау Жетісу тау жоталарындағы қауіпсіз белгілеріне дейін алдынала профилактикалық су жіберу жүргізіліп жатыр. "Қазселденқорғау" ММ филиалдарының бақылау бекеттері халықты және шаруашылық объектілерін сел тасқынынан және сырғыма құбылыстарынан сақтандыру мақсатында облыстың ТЖД ӨҚБ ақпаратты бере отырып, гидрометеорологиялық жағдайға күн сайын мониторинг жүргізеді. Осы мақсаттар үшін тәулік бойы 30-жыл бойы стационарлық бекеттер, 10-диспетчерлік бекеттер жұмыс істейді. Селге-көшкін қауіпті кезеңге дайындық мақсатында: Жетісу мен Іле Алатауының тау жоталарында "Қазселденқорғау" ММ филиалдары ескерту белгілерін орнатты: "Абайлаңыз көшкін" - 19 қалқан, "Сел" - 27 қалқан. Аудандық ТЖБ қызметкерлері "Қазселденқорғау" ММ филиалдарымен бірлесіп, ауылдағы таулы жерлерге және көшкін қаупі бар учаскелерге мониторинг жүргізу бойынша іс-шараларды жалғастыруда. Алматы облысының ТЖД өз бағытындағы қауіпті жерлерді зерттеуді сұрайды, әсіресе қатты жаңбырдан кейін. Әрқашан есте сақтаңыз, сел ағынына түсіп кеткен адамды құтқару дерлік мүмкін емес, сондықтан сел ағынын болдырмау қажет. Сел қаупі бар кезеңде тауға жорық жасаудан қалыс  қалыңыз. Сіздің аймағыңыздағы көшкін шекаралары бар, мүмкін болатын орындармен шамаларды анықтаңыз. Жақындап келе жатқан көшкіннің белгілері (ғимараттардың есіктері мен терезелерін сыналау, субасу) пайда болған кезде (101, 112) ТЖ қызметіне хабарласын.  Жаңалықтарды қадағалап, радио тыңдаңыз. Көшкін қауіпі туралы дабыл алған кезде электрқұрылғыларын, газаспаптарын және су құбыр желісін өшіріңіз. Дереу эвакуациялауға дайындалыңыз. Көшкіннің жылжу жылдамдығына байланысты қауіпке сәйкес әрекететіңіз. Эвакуация кезінде өзіңізбен бірге құжаттар, құндызаттар, жағдайға байланысты жылы заттармен азық-түлік өнімдерін алу қажет.  

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі