
Ағымдағы жылдың 8 шілде күні Сарқан ауданы ТЖБ қызметкерлері Лепсі ауылының жергілікті атқарушы органдарымен бірге, Балқаш көлінің демалыс аймағының өкілдеріне төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында семинар-кеңес өткізді.
Демалушыларға «Суда өзін – өзі ұстану қауіпсіздік ережесі» және «Суға батқандағы алғашқы көмек» жадынамалары үлестірілді, және өз қауіпсіздігіне қатысты олардың жауапсыздық қарым - қатынас қандай салдарға әкеліп соқтыруы мүмкіндігі жөнінде түсіндірді. Негізгі келеңсіз жағдайлардың себебі болып, жабдықталмаған орындарда суға шомылу болып табылады.
Жазатайым оқиғаларды болдырмас үшін суда үнемі қарапайым бірнеше ережелерді сақтау керек:
- мас болған кезде шомылмаңыз. Маскүнемдіктің әсерінен адамдар көбінесе өз күштерін асыра бағалайды, сонымен қатар басқаларға қатысты ұқыпсыз әрекеттер жасайды, бұл көбінесе қайғылы салдарға әкеледі;
- қауіпті, тыйым салынған жерлерде шомылмаңыз;
- бейтаныс жерлерде суға секіруге, суға түсуге байланысты ойындар өткізуге, шұңқырлар мен қоршауларға шомылуға тыйым салынады;
- белгісіз тереңдікте шомылу қауіпті, өйткені сіз басыңызды құмға, сазға тигізіп, мойын омыртқаңызды сындырып алуыңыз мүмкін;
- балаларды жүзуге және алғашқы көмек көрсете алатын ересектердің бақылауынсыз су жағасында қалдырмаңыз;
- балалардың өз еріктерімен тоғандарға барып, жүзуіне жол бермеңіз;
- егер сіз шомылу кезінде аяғыңыз ұйып қалса, суға бір минутқа батырыңыз да, аяғыңызды түзетіп, аяғыңызды бас бармағыңыздан өзіңізге қарай тартыңыз.
Осы ережелерді сақтау сізге жазғы демалысты тоғандарда қауіпсіз өткізуге мүмкіндік береді. Сарқан ауданы ТЖБ қызметкерлері өңірдің тұрғындары мен қонақтарға тағы бір өтінеді, суда өзін – өзі ұстану қауіпсіздік ережесін сақтау. Осындай рейдтер суға шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғасатынын ескертеміз!
Алматы облысы ТЖД баспасөз-қызметі