Алматы облысының құтқарушылары тұрақты түрде суда апатқа ұшырағандарға көмек көрсетеді

Алматы облысының құтқарушылары тұрақты түрде суда апатқа ұшырағандарға көмек көрсетеді

Тұрақты ыстық ауа райына байланысты Алматы облысының сондай-ақ басқа өңірлердің тұрғындары Алакөл көлінің, Балқаш көлінің және Қапшағай су қоймасы мен басқа да су қоймаларының жағалауында демалғанды жөн көреді. Бірақ жазғы демалыс әрдайым қауіпсіз аяқталмайды. Судағы қауіпсіздік ережелерін елемей, азаматтар өздерін және балаларын қауіпке душар етеді. Күн сайын құтқарушылар қажет болған жағдайда көмекке келу үшін су айдындарының жағалауларын патрульдейді.

Мәселен, бүгін 12 шілде күні Қапшағай су қоймасының қалалық жағажайын патрульдеу барысында Қапшағай өңірінің Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 3 адамды құтқарды, оларды жағадан қашықтыққа үрлемелі матраста алып кетті. 1998 жылы туған үш ер адам суда бір матраста, жеке қауіпсіздік құралдарынсыз - құтқару кеудешелерсіз болған.
Осыған ұқсас оқиға ағымдағы жылдың 10 шілдесінде Балқаш көлінде болған. Ер адамды қатты желдің салдарынан жағадан 10 шақырым жерге үрлемелі қайықпен алып кетті, оны құтқару үшін құтқарушыларға бірнеше сағат қажет болды.

Жел күшейген кезде үрлемелі баллондар мен матрастарды әдетте көлдің ортасына апарады, сондықтан Алматы облысының ТЖД азаматтардан жіберілетін дауылды ескертулермен танысуды және желді ауа райында үрлемелі матрастар мен қайықтарды пайдаланбауды сұрайды. Жел немесе ағысы оларды жағадан өте алыс алып, толқынмен басып кетуі мүмкін, ауа олардан шығуы мүмкін және олар жүзгіштігін жоғалтады.

Есіңізде болсын: суда жүргенде өз қауіпсіздігіңіз бен балаларыңыздың қауіпсіздігі туралы ешқашан ұмытпаңыз. Қиындыққа тап болған адамдарға көмектесуге дайын болыңыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!



Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметы