
Алматы облысы "Қазгидромет" РМК филиалының ауа райы болжамы бойынша:
2021 жылғы 12 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Облыс бойынша: Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда өткінші жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 17-22, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 14, күндіз 29-34, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 26 градус жылы.
Талдықорған қ.: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 32-34 градус жылы.
13-14 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Кей жерлерінде өткінші жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, күші 9-14, кей жерлерінде 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде 18-23, таулы аудандарда 15, күндіз 33-38, таулы аудандарда 30 градус жылы, 14 шілдеде түнде 15-20, таулы аудандарда 12, күндіз 28-33, таулы аудандарда 25 градус жылы.
«Қазгидромет» РМК сайтына сілтеме: https://www.kazhydromet.kz/ru.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі