Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"Кодексінің 336-бабына өзгерістер енгізу туралы.

Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"Кодексінің 336-бабына өзгерістер енгізу туралы.

Құрметті Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары!!!

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы №403-VI-ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 336-бабына өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды.

2021 жылғы 1 шілдеден бастап Атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздік талаптарды сақтамау, қалдықтарды (қоқыстарды) қоймалау немесе жағу кезінде - Жеке тұлғаларға - жиырма айлық есептік мөлшерінде, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатыны туралы ескертеді.

Көрсетілген өзгерістерді енгізгенге дейін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодекстің 336-бабы бойынша өрт қауіпсіздік талаптарды сақтамау, қалдықтарды (қоқыстарды) қоймалау немесе жағу кезінде - ескерту түріндегі әкімшілік жаза, әкімшілік құқық бұзушылық жыл ішінде қайта жасалған жағдайда ғана айыппұл салынатын.

Осыған байланысты Алматы облысы  Төтенше жағдайлар департаменті барлық азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды!!!

 

                                          Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі