
Мереке және демалыс күндері Алматы облысының ТЖД қызметкерлері адамдардың жаппай демалатын орындарында рейдтік-профилактикалық іс-шаралар өткізуде.
Іс-шара судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және азайту мақсатында өткізіледі.
Іс-шара барысында демалушылармен әңгімелесулер өткізіледі және су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері бар жадынамалар таратылады.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан судағы барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды сұрайды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі