Дауылды алдын ала ескерту

Дауылды алдын ала ескерту

Қазгидромет" РМК-ның 2021 жылғы 4 шілдедегі дауылды ескертуі негізінде, 4 мен 8 шілде күндері Алматы облысының кейбір аумақтарында 42 градусқа дейінгі қатты ыстық күтіледі, сондай-ақ, төтенше өрт қаупі сақталады. Сонымен қатар, Іле Алатауы және Жетісу Алатауында аз уақытты жаңбыр жауып, күн күркірейді.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды мүмкіндігінше далаға шығуды шектеуге шақырады. Көлеңкеде жиі болуға тырысыңыз. Көбірек сұйықтық ішіңіз. Алкогольді ішпеңіз. Құтқарушылар бар арнайы орындарда ғана суға шомылыңыз. Шомылу кезінде бір-біріңізді назардан тыс қалдырмаңыз және балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Құрғақ шөпті жақпаңыз және сөндірілмеген темекіні тастамаңыз.

Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі