6 шілдеде Қазақстанда мемлекеттік мереке– Астана күні атап өтіледі

6 шілдеде Қазақстанда мемлекеттік мереке– Астана күні атап өтіледі

6 шілдеде Қазақстанда 2008 жылғы 25 маусымдағы № 47 – IV "Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы", "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" ҚР Заңымен белгіленген мемлекеттік мереке-Астана күні атап өтіледі. Астана күнін мерекелеу Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған маңызды мерекелік шара болып табылады. Қазақстан Астанасының қалыптасуы Қазақстанның тәуелсіздігімен тығыз байланысты, ал жаңа астананы құру жөніндегі идея және оны іске асыру Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа тиесілі.

Заң шығарушылардың пікірінше, бұл мереке халық үшін маңызды тарихи-мәдени маңызға ие және Қазақстан Республикасы жетістіктерінің символы болып табылады.

Тарихқа қайта оралсақ, 1994 жылдың 6 шілдесінде Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Астана Алматыдан Ақмолаға көшірілді. 1997 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев астананы көшіру туралы түпкілікті шешім қабылдады. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола Астана болып өзгертілді. Республикада Астана күні қаланың 1998 жылы астана мәртебесін алған сәтінен бастап атап өтіледі. Бұрын бұл мереке қалалық деңгейде 10 маусымда аталып, 2006 жылы қала күні 6 шілдеге ауыстырылды.

Бүгінде Қазақстанның елордасы Нұр-сұлтан деп аталады. Қаланың бұрынғы атаулары: Ақмола — 1830-1961 жылдар, Целиноград — 1961-1992 жылдар, Ақмола — 1992-1998 жылдар, Астана — 1998-2019 жылдар. 2019 жылғы наурызда Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Астананы Нұр-сұлтан деп атау туралы Жарлыққа қол қойды.

Нұр-Сұлтанда жыл сайын Астана күні мерекесінің басты іс-шаралары өтеді. Жыл сайын мерекеге көптеген жаңа кешендер, түрлі ескерткіштер ашылады, концерттер, спорттық іс-шаралар, турнирлер, басқа да салтанатты іс-шаралар өтеді.

 Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі