Балалардың судағы қауіпсіздігі

Балалардың судағы қауіпсіздігі

Жаз - қуаныш пен алаңсыздықтың кезеңі, әсіресе біздің балаларымыз үшін. Көбінесе отбасылар жаздың ыстық күндерін өзен,көл,теңіз жағаларында өткізеді. Үлкендермен жас өспірімдер қуана суға шомылып, күнге қыздырынып, таза ауа мен демалады. Алайда су қауіпті болуы мүмкін.  

Сол себепті демалыс орнына шығу алдында келесі ұсынымдармен танысқан жөн.

- Балаларды тек қана суға түсуге арналған және құтқару құралдарымен жабдықталған орындарға апарыңыз.

- Балаларға үлкендердің қарауынсыз жәнеү рлемелі матраспен шеңбермен суға түсуге рұқсат бермеңіз.

- Балаларды суға тек қана жеңге киетін немесе жүзу жилетімен жіберіңіз.

- Балалардың суда бір-бірін тұншықтырып немесе су астына тығылып ойнауларына рұқсат етпеңіз. Ондай ойындар қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

- Буйлардан аспауға және судың білмейтін жерлеріне сүңгуге рұқсат етпеңіз.

- Балалардың тоңып қалмауын болдырмау үшін олардың суда болу уақытын қадағалаңыз.

Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалар үнемі үлкендердің қарауымен суға түсу керек.

         Сәл үлкенірек ересек жастағы балалар егерде су қоймаларына баратын болса, онда тек арнайы тереңдігі тексерілген қауіпсіз орындарда, терең шұңқыры жоқ жерлерде, қатты ағыны және су иірімдері мен үлкен толқындар жоқ жерлерде түсулері тиіс. Бақытсыз жағдайлардың көбі тиым салынатын орындарда шомылу салдарынан болады.

 

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі