Алматы облысының ТЖД-де бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күні журналистерді құттықтады.

Алматы облысының ТЖД-де бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күні журналистерді құттықтады.

28 маусымда Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Бұл күндері журналистер, операторлар, бейнеинженерлер, редакторлар және медиа-процеске қатысқандардың бәрі құттықтауларды қабылдайды.

Төтенше жағдайлар департаментінде 28.06.2021 жылы бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.

Салтанатты жиында Департамент бастығының орынбасары подполковник И.Жуков Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Ю. Ильинның "Хабар 24" телеарнасының Алматы облысы бойынша меншікті тілшісі Қалиден Шыңғысқа, "Жетісу" телеарнасының тілшілері Алматы Хамит пен Аралбаев Рустам Батырбекұлына алғыс хаттар табыс етті.

Департамент бастығының орынбасары оларға мықты денсаулық, жеңіл қалам, жұмыста сарқылмас шабыт және белгіленген биіктерге жетуді тіледі.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі