
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің тапсырмасын орындау, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы міндеттерді шешуге уәкілетті органның ұйымдастырушылық құрылымымен, функцияларымен танысу, сондай-ақ болашақ мамандардың жеке деректерін зерделеу мақсатында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментімен Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің арасында өзара тиімді ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.
Бірлескен өзара іс-қимыл арқылы меморандум жасасу болашақта түлектердің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, сондай-ақ азаматтық қорғаныстың алдын алу және оларды жою жөніндегі жұмысының кәсіби дағдыларының сапасын арттыруға оң әсерін тигізеді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі