
Іс-шаралар азаматтардың табиғатта демалуы кезінде өрттер мен жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында ұйымдастырылды.
Жалпы, сенбі күні Алматы облысында 4000 демалушымен әңгіме жүргізіліп, қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар таратылды.
Акцияға азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, жергілікті полиция қызметінің, орман шаруашылығының өкілдері, "Қызыл Ай", "Жас Отан" Жастар қанатының, регби клубының еріктілері, мотоциклистер, велосипедшілер және ат патрульдері қатысты, бұдан басқа, от жағуды анықтау мақсатында МИ-2 тікұшағы мен өтімділігі жоғары техника жұмылдырылды.
Алматы облысының ТЖД табиғаттағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін еске салады:
- орманда демалыста отпен өте сақ болыңыз;
- кез келген табиғи аумақта құрғақ шөпті жақпаңыз;
- құрғақ орманда немесе шымтезек батпағында от жақпаңыз. Орман аймағынан тыс жерде құмға немесе сазға от жағыңыз. От жағар алдында жер қабатын шөптен және оның айналасынан бір метр радиуста тазалаңыз;
- алауды сумен жақсылап толтырыңыз немесе кетер алдында оны құммен, жермен көмініз. Осыдан кейін күлді аударып, оның астында жанғыш көмірдің жоқтығына көз жеткізіңіз, егер өрт әлі сөндірілмеген болса, оны қайтадан сумен құйыңыз;
- өшпеген сіріңке немесе темекіні тастамаңыз, орманда түрлі пиротехникалық бұйымдарды: петардаларды, бенгал оттарын, шырақтарды және т. б. пайдаланбаңыз;
- балаларды ешқашан ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз, әсіресе егер Сіз судың жанында болсаңыз!
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі