Күннің ысуына байланысты Алматы облысы ТЖД-нің қызметкерлері суайдындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертеді:
- Күн жылып тұрғанда таңертен немесе кешке шомылған дұрыс, судың температурасы 17-19 С төмен болмауы тиіс, неғұрлым суық болған сайын қауіпті болады. Шомылу уақыт 3-5 минуттан бастап, бірте-бірте ұлғайту керек;
- Мас күйінде суға түсуге болмайды. Алкоголь мидың қан тамырларын бітеп тастайды, сонымен қатар шомылған кезде өзін-өзі сақтау инстинктін тежейді және температураның төмендеуінен жүректің ұстамасын қоздырады;
- Алысқа жүзуге болмайды, өйткені өз күшіңізді есептей алмауыңыз мүмкін;
- Шаршағаныңызды сезсеңіз, саспаңыз және мүмкіндігінше тезірек жағаға жүзуге тырысыңыз. Суда демалу керек, мұны істеу үшін, сіздің артқы жағыңызда жүзу білу керек. Сіздің арқаңызға қарап жүзген кезде қолдарыңызбен аяқтарыңыздың жеңіл қозғалыстар арқылы жүзе отырып демалуға болады;
- Егер сіз су бұрғыштарға тап болсаңыз, өкпеге көбірек ауа тартып, суға батып, шетке қарай секіру қажет;
- Ауа төсеніштерінде, автомобиль камераларында жүзуге болмайды. Желмен немесе ағынмен оларды жағадан өте алыс алып кету мүмкін немесе толқынмен ұшып кетуі мүмкін, олардан ауа шығатын болса онымен жүзе алмайды;
- маскамен, түтікпен шомылу аса сақ болуды талап етеді, қатты толқында түтікпен жүзуге болмайды. Тек жаға бойымен ғана жүзу керек және міндетті түрде үнемі бақылауда болу керек, уақытында көмекке келу үшін;
- суда жүзу кезінде ойнауға жол бермеу керек: шомылушылардың астына жүзіп жүру, оларды аяғынан ұстап тұру, "батыру", көмек туралы жалған сигнал беру және т. б.;
- суда балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Олар суға құлап кетуі немесе шұңқырға түсуіп кету мүмкін. Бұл тұрмыстағы әдеттегі жағдайға да қатысты, өкінішке орай ата-аналары кішкентай балаларын ваннаға қалдырған кезде батып жатқан жағдайлар сирек емес;
- шектеу белгілерінен жүзбеңіз, өйткені олар анықталған тереңдікте тексерілген түбімен акваторияны шектейді, онда су бұрғыштардың және т. б. болмауы кепілденген;
Суайдынында болған кезде өз қауіпсіздігіңізді және балаларыңыздың қауіпсіздігін ешқашан ұмытпаңыз. Көмек беруге дайын болыңыз. Өзідеріңізді сақтаңыздар!
Алматы облысы баспасөз қызметі