Текелі қаласы Төтенше жағдайлар бөлімі мен өрт сөндіру қызметі мамандары бірлесіп өрт қауіпсіздігі мен судағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Текелі қаласы Төтенше жағдайлар бөлімі мен өрт сөндіру қызметі мамандары бірлесіп өрт қауіпсіздігі мен судағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Тұрғындар арасында төтенше оқиғаның алдын алу бойынша жұмыстар мамыр айының басынан бастап күнделікті жүргізіледі. Қаламызда 30 мың жеке тұрғын үй бар, осы тұрғын жайды қамту үшін жеке құрамнан 22 қызметкер жұмылдырылды. Бүгінде 10 мыңға жуық тұрғынға өрт және  судағы қауіпсіздік ережелері туралы айтылды.  Сала мамандары балаларға ерекше назар аударады. Өйткені ережелерді білмеу немесе немқұрайлылық салдарынан олар қауіп қатерге душар боп жатады. Жұмыс барысында азаматтарға қауіпсіздік туралы жаднамалар үлестірілді.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі