2021 жылғы 18 маусымға арналған ауа райы болжамы

2021 жылғы 18 маусымға арналған ауа райы болжамы

Алматы облысы "Қазгидромет" РМК филиалының ауа райы болжамы бойынша:

2021 жылғы 18 маусымға арналған ауа райы болжамы

Облыс бойынша: Күндіз таулы аймақта өткінші жаңбыр. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 15-20, кей жерлерде 12, күндіз 27-32, кей жерлерде 35 градус жылы.

Талдықорған қ.: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан  жел соғады, күші 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 30-32 градус жылы.

                              19-20 маусымға арналған ауа райы болжамы

19 маусымда күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр, 20 маусымда жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр. 19 маусымда күндіз, 20 тәулікте кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 9-14, 19 маусымда күндіз, 20 тәулікте кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 15-20, кей жерлерде 12, күндіз 27-32, кей жерлерде 35 градус жылы, 20 маусымда түнде 11-16, кей жерлерде 8, күндіз 16-21, кей жерлерде 24 градус жылы.

 «Қазгидромет» РМК сайтына сілтеме: https://www.kazhydromet.kz/ru.

 

                     Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі