Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша жеке құраммен семинар-кеңесі өткізілді

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас  жемқорлыққа жол бермеу бойынша жеке құраммен семинар-кеңесі өткізілді

Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында,  2021 жылғы 16 маусымда Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында бейнебайланыс режимінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша Департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Сағындықұлы Жұмабаевтың және Алматы облысының «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, Алматы облысы әкімінің кеңесшісі Аманжол Тоқтарұлы Жазықбаевтың қатысуымен Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық, аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің, «Қазселденқорғау» ММ «ЖААПБ» және «ІААПТБ» филиалдарының, «АМО» ММФ, «Резерв» РМК «Стрела» филиалының, №28237 әскери бөлімінің жеке құрамымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықты сақтау туралы» тақырыбында семинар-кеңесі өткізілді.

          Видеоролик көрсетумен Алматы облысы аумағындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы құқық бұзушылық статистикасы жеткізілді, сондай-ақ жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық, аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің басшыларына нақты бағыт берілді.

 

                                                              Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі