2021 жылғы 16 маусымға арналған ауа райы болжамы

2021 жылғы 16 маусымға арналған ауа райы болжамы

Алматы облысы "Қазгидромет" РМК филиалының ауа райы болжамы бойынша:

2021 жылғы 17 маусымға арналған ауа райы болжамы

Облыс бойынша: Күндіз таулы аймақта өткінші жаңбыр. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 13-18, кей жерлерде 10, күндіз 25-30, кей жерлерде 33 градус жылы.

Талдықорған қ.: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан  жел соғады, күші 4-9 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 31-33 градус жылы.

                              18-19 маусымға арналған ауа райы болжамы

18 маусымда таулы аймақта жаңбыр, 19 маусымда кей жерлерде өткінші жаңбыр. 18 маусымда таулы аймақта, 19 маусымда кей жерлерде найзағай. Күндіз 19 маусымда кей жерлерде дауыл, бұршақ. Кей жерлерде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, күші 9-14, кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 19 маусымда екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 13-18, кей жерлерде 10, күндіз 25-30, кей жерлерде 33 градус жылы, 19 маусымда түнде 15-20, кей жерлерде 12, күндіз 28-33, кей жерлерде 36 градус жылы.

 «Қазгидромет» РМК сайтына сілтеме: https://www.kazhydromet.kz/ru.

 

                                 Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі