Алматы облысында «Жетісу Алатау» тау жотасына аэровизауалдық тексеру жүргізілді

Алматы облысында «Жетісу Алатау» тау жотасына аэровизауалдық тексеру жүргізілді

Сел қаупі бар кезеңнің басталуына байланысты, Алматы облысының Төтенше жағдайлар департамент қызметкерлері 2021 жылғы 15 маусымда
ММ "Қазселденқорғау" Жетісу Алатау аумақтық пайдалану басқармасы филиалымен бірігіп,  морено-мұздық кешендер мен сел қаупі бар өзендер арнасының жай-күйін анықтау мақсатында, " Жетісу Алатау " (оңтүстік беткейі) тау жотасына аэровизуалды зерттеу жүргізді.

Ұшу теңіз деңгейінен 3000 м биіктікте "Қазавиақұтқару" АҚ ЕС-145 Еврокоптер тікұшақпен орындалды.

Ұшу барысында Ескелді және Панфилов аудандарының сел қаупі бар өзендердің арналары да тексерілді.

 Аэровизуалды зерттеу нәтижелері бойынша: өзен арнасында қауіпті учаскелер байқалмайды. Өзендер транзиттік режимде ағып жатыр, қазіргі уақытта тауларда қар қоры 70 см құрайды, шатқалдар бойынша қардың үрленуі 1 метр -ге дейін жетеді.

 Мореналық-мұздық кешендер мен сел қаупі бар өзендер арналарын зерттеу жөніндегі іс-шаралар, сел қаупі бар кезең аяқталғанға дейін жалғасын табады.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі