
Бөлім қызметкерлері қамқорлық көрсету аясында «Шапағат» арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталғына барды. Олар өрт қауіпсіздігі ережелері туралы айтып, жаднамалар таратты. Сондай-ақ, орталық тұрғындарына шаңсорғыш, термопот сынды заттарды сыйға тартты.
«Қалалық ТЖБ қызметкерлері «Шапағат» орталығына барып тұрады, соның арқасында мекемеде өрт бойынша ешқандай төтенше жағдай туындаған емес. Орталықта тұратын адамдардың біз сыйлаған сыйлықтарды күнделікті қолданатындары қуантады. Алдағы уақытта да өрттің алдын алу мен қауіпсіздігі туралы жұмыстар жалғасатын болады»,- деді қалалық ТЖБ бастығы Бауыржан Сүлейменов.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі