
2021 жылғы 12 маусымға арналған ауа райы болжамы
Облыс бойынша: Кей жерлерде өткінші жаңбыр, таулы аймақтарда нөсер жаңбыр. Кей жерлерде найзағай. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14, найзағай кезінде 15-20, екпіні 25 м/с дейін. Ауа температурасы түнде 12-17, күндіз 23-28, кей жерлерде 32 градус жылы.
Талдықорған қ.: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 5-10, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 25-27 градус жылы.
|
13-18 маусымға арналған ауа райы болжамы |
Кей жерлерде өткінші жаңбыр, 13 маусымда таулы аудандарда қатты жаңбыр. Кей жерлерде найзағай, бұршақ. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, күші 9-14, кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с. Ауа температурасы түнде 9-14, кей жерлерде 5градус жылыдан 15-20, кей жерлерде 12 градус жылыға дейін аздап төмендейді, күндіз 28-33, кей жерлерде 30 градус жылыдан 25-30, кей жерлерде 17 градус жылы, 15 маусымнан бастап 30-35, кей жерлерде 27 градус жылыға деійн біртіндеп жоғарлайды.
«Қазгидромет» РМК сайтына сілтеме: https://www.kazhydromet.kz/ru.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі