
2021 жылғы 9 маусымда Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері "Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Алматы облысы бойынша өңірлік филиалының қызметкерлерімен бірлесіп "Өрт қауіпсіздігі бойынша қарапайым ережелер", "Қаланың тұрғын үй секторында және көп пәтерлі үйлерде өрт қауіпсіздігі бойынша қағидалар", "Табиғатта демалу кезінде өрт қауіпсіздігі бойынша қағидаларды сақтау бойынша", "Өрт қауіпті маусымдағы өрт қауіпсіздігі бойынша қағидалар" және "Суға шомылу кезінде судағы қауіпсіздік" тақырыптарында нұсқаулықтар, әңгімелесулер және дәрістер өткізді.
Сонымен қатар, Талдықорған қ.ТЖБ қызметкерлері нұсқамалар, әңгімелер мен дәрістер өткізу кезінде өрт анықталған кезде өрт сөндіргішті пайдалану ережелерін көрсетті..
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі