"Jetisymedia" ақпараттық алаңында " селдер мен көшкіндер кезіндегі қауіпсіздік " тақырыптарында брифинг өтті.

"Jetisymedia" ақпараттық алаңында " селдер мен көшкіндер кезіндегі қауіпсіздік " тақырыптарында брифинг өтті.

2021 жылғы 10 маусымында "Jetisymedia" ақпараттық алаңында " Селдер мен көшкіндер кезіндегі қауіпсіздік" тақырыптарында брифинг өтті.

Брифингте Алматы облысы ТЖД Төтенше жағдайларды алдын алу басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Сыдықов Мұрат Маратұлы және «Қазселденқорғау» ММ Жетісу Алатау аумақтық пайдалану басқарма филиалы жетекшісінің орынбасары Сабырбаев Айдос Сабырбайұлы спикер болып сөз сөйледі.

Бірінші спикер Мұрат Маратұлы атап өткендей, Алматы облысының аумағында көшкіндер 6 аудан мен 1 Қаланың (Талғар, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Райымбек, Панфилов, Кеген аудандары мен Текелі қаласының) аумақтарында таулы және тау бөктеріндегі аудандарда таралған. Елді мекендерге жақын орналасқан 243 селге қауіпті учаскелер есепке алынды, оның ішінде:

  • Іле Алатау жоталарында (Талғар ауданында - 51 учаске, Еңбекшіқазақ ауданында - 14 учаске, Қарасай ауданында - 30 учаске, Жамбыл ауданында - 28 учаске, Райымбек ауданында – 9 учаске, Ұйғыр ауданында - 3 учаске, Кеген ауданында – 32 учаске).
  • Жетісу Алатау жоталарында (Панфилов ауданында – 18 учаске, , Ақсу ауданында – 7 учаске, Сарқан ауданында - 8 учаске, Алакөл ауданында - 7 учаске, және Текелі қаласында - 36 учаске).

3 мың 560 объектіге және 28 мың 094 халыққа қауіп төндіреді. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті "Қазселденқорғау" ММ-мен бірлесіп, селде және көшкін қаупі бар учаскелерде жер үсті Жетісу Алатауы және Іле Алатауы тау жоталарының қауіпті учаскелерінде аэровизуалды тексеру жүргізді. Ұшу барысында теңіз деңгейінен 2500 метрден астам биіктікте орналасқан тау өзендерінің, мореналық көлдердің жай-күйі зерттелді, өзендер бассейндері, мореналық көлдер және қауіпті учаскелер арналарының жай-күйі анықталды.

Екінші спикер – Айдос Сабырбайұлы былай деді: Маусым айында мореналық көлдер суының шекті көлемін анықтағаннан кейін, "Қазселденқорғау" ММ Іле және Алатау Жетісу тау жоталарындағы 9 мореналық көлдердің қауіпсіз белгілеріне дейін алдын ала профилактикалық су жіберу жоспарланған.

1) Еңбекшіқазақ ауданы Есік өзенінің бассейніндегі №23 мореналық көл.

2) Еңбекшіқазақ ауданы Түрген өзені алабындағы  №1 мореналық көл.

3) Талғар ауданы Талғар өзенінің бассейніндегі  №19 мореналық көл.

4) Қарасай ауданы Қаскелең өзені бассейніндегі  №15 мореналық көл.

5) Сарқан ауданы Сарқан өзенінің бассейніндегі "Ақкөл" мореналық көл.

6) Аксу ауданы Буйен өзен алабындағы №18 мореналық көл.

7) Ақсу ауданы Ақсу өзенінің бассейніндегі  №59 мореналық көл.

8) Панфилов ауданы Өсек өзені алабындағы №4 мореналық көл.

9) Панфилов ауданы Қорғас өзені бассейніндегі №2 "Қақпан" мореналық көлі.

"Қазселденқорғау" ММ филиалдарының бақылау бекеттері халықты және шаруашылық объектілерін сел тасқынынан және сырғыма құбылыстарынан сақтандыру мақсатында облыстың ТЖД ӨҚБ ақпаратты бере отырып, гидрометеорологиялық жағдайға күн сайын мониторинг жүргізеді. Осы мақсаттар үшін тәулік бойы 30-жыл бойы стационарлық бекеттер, 10-диспетчерлік бекеттер жұмыс істейді. Жетісу мен Іле Алатауының тау жоталарында "Қазселденқорғау" ММ филиалдары ескерту белгілерін орнатты: "Абайлаңыз көшкін" 19 қалқан, "сел"27 қалқан. Облыстың азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарының тобы құрылды, олардың жалпы саны 4135 адам, 905 медициналық техника. "Қазселденқорғау"ММ филиалдарының 10 бірлік техникасы мен 31 адам апаттық бригадалары дайындалды."

Спикерлер азаматтарды сел мен көшкін кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға, сондай-ақ ауа-райының өзгеруін бақылауға шақырды. Дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз "Дәрмен" тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

Брифингтің соңында спикерлер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі