
Алматы облысы "Қазгидромет" РМК филиалының ауа райы болжамы бойынша:
2021 жылғы 10 маусымға арналған ауа райы болжамы
Облыс бойынша: Кей жерлерде жаңбыр, таулы аймақтарда кей уақыттарда қатты жаңбыр. Кей жерлерде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14, найзағай кезінде 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 16-21, кей жерлерде 13, күндіз 28-33, кей жерлерде 36 градус жылы.
Талдықорған қ.: көшпелі бұлтты, күннің аяғында жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 31-33 градус жылы.
|
11-12 маусымға арналған ауа райы болжамы |
11 маусымда жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр, 12 маусымда кей жерлерде жаңбыр. Кей жерлерде найзағай, дауыл, шаңды дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауыспалы жел соғады, күші 9-14, кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 14-19, кей жерлерде 11, 11 маусымда 11-16, кей жерлерде 8, күндіз 25-30, кей жерлерде 22 градус жылы.
«Қазгидромет» РМК сайтына сілтеме: https://www.kazhydromet.kz/ru.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі