Алматы облысының ТЖД азаматтардан балаларды судың жанында қараусыз қалдырмауды сұрайды

Алматы облысының ТЖД азаматтардан балаларды судың жанында қараусыз қалдырмауды сұрайды

8 маусым күні сағат 16.20-да Талдықорған қаласының қалалық жағажайында 11 жасар бала суға бата жаздады. Қалалық жағажайды патрульдеу кезінде жағажай құтқарушылары, туыстарымен демалыста болған 2010 ж.т. батып бара жатқан баланы байқады. Құтқарушылар зардап шегушіге тыныс алу органдарын судан тазарту және сезімге келтіру түрінде алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетті.
Қайғылы жағдайларды алдын алу мақсатында Алматы облысының ТЖД азаматтардан судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды:
- тек жабдықталған жағажайларда және ресми рұқсаты мен құтқару қызметі бар шомылуға арналған орындарда шомылыңыз;
- жүзе алмасаңыз, суға белден жоғары түспеңіз;
- суға шомылу кезінде бір-біріңізді алыс кетпеңіз;
- жағалаудан алыс жүзбеңіз және арнайы белгілерден аспаңыз;
- жүзе алмай, жүзуге арналған дөңгелектерді, үрлемелі матрастарды қолданбаңыз;
- жүзіп жүрген катерлар мне қайықтарға жақындамаңыз;
- қайықтардан, көпірлерден және айлақтардан суға секірмеңіз;
- ұзақ уақыт шомылмаңыз, тоңып қалуыңыз және шаршауыңыз мүмкін;
- түнгі уақытта және мас күйде шомылмаңыз;
- балаларды бір минутқа да қараусыз қалдырмаңыз.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі