Дауылды алдын ала ескерту

Дауылды алдын ала ескерту
Қазгидромет" РМК-ның 2021 жылғы 8 маусымдағы дауылды ескертуі негізінде, 9 маусым күні Алматы облысының таулы аймақтарында аз уақытты жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Сондай-ақ күндіз кей жерлерде 36 градусқа дейін ыстық күтіледі, кей жерлерде өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.
 
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі