Рейдтік іс-шаралар.

Рейдтік іс-шаралар.

Панфилов ауданының ТЖБ қызметкерлері және полиция қызметкерлері, Жаркент орман шаруашылығы қызметкерлерімен, ЖасОтанның еріктілер ұйымдарымен бірлесіп, халықтың демалыс орындарында ( Каменка, Өссек өзендерінің бойында, жеке жүзу бассейндері) 10 рейдтік іс-шара өткізді, онда демалушыларға өрт қауіпсіздігінің негізгі қағидалары, табиғаттағы және судағы қауіпсіздік шаралары түсіндірілді. Сондай-ақ рейд барысында 80 адамды қамтып, 35 нұсқама өткізілді. Facebook, Instagram, WhatsApp әлеуметтік желілері арқылы жазғы кезеңде орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыс күнделікті өтуде.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі